Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылардың қашан рингке шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшылардан алғашқы болып 24 қыркүйек күні сағат 18.45-те 63,5 кг салмақта 1/16 финалда Ертуған Зейнуллинов шығады. Оның қарсыласы – иорданиялық Обада Алкасбех.
Жекпе-жекті содан кейін басқа спортшылар жалғастырады.
25 қыркүйек (дүйсенбі)
12.00. 66 кг. 1/8 финал. Наталья Богданова – Рагад Ибрагим Аль-Наими (Сауд Арабиясы)
18.30. 51 кг. 1/16 финал. Сәкен Бибосынов – Орхонтунгалаг Унуболд (Моңғолия)
26 қыркүйек (сейсенбі)
18.30. 57 кг. 1/16 финал. Махмуд Сабырхан – Ичань Ли (Оңтүстік Корея)
27 қыркүйек (сәрсенбі)
12.15. 51 кг. 1/8 финал. Назым Қызайбай – Сусма Таманг (Непал)
14.15 92 кг. 1/8 финал. Сағындық Тоғамбай – Бариахаан Дорж (Моңғолия)
28 қыркүйек (бейсенбі)
17.15. 60 кг. 1/8 финал. Римма Волосенко – Сихью Ву (Тайбэй)
19.30. 71 кг. 1/8 финал. Асланбек Шымбергенов – Санминь Ли (Оңтүстік Корея) / Пейчен Ван (Қытай)
29 қыркүйек (жұма)
14.00. 80 кг. 1/8 финал. Нұрбек Оралбай – Тоқтарбек Таңатхан (Қытай)
17.30. 57 кг. 1/8 финал. Карина Ибрагимова – Джин Хьян Пак (Солтүстік Корея)
30 қыркүйек (сенбі)
12.00. 54 кг. 1/4 финал. Жайна Шекербекова – Прити (Үндістан) / Силина Аль-Хасанат (Иордания)
14.30. +92 кг. 1/4 финал. Қамшыбек Қоңқабаев – Данис Латыпов (Бахрейн) / Мохаммед Млайес (Сирия).
17.30. 75 кг. 1/4 финал. Валентина Хальзова – Киань Ли (Қытай).
Азия ойындары бойынша 2024 жылғы Париж олимпииадасының жолдамасы сарапқа салынады.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығындағы ауа райы болжамы
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!