Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Назым Қызайбай алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Екі дүркін әлем чемпионы Н. Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақта таиландтық Раксат Чутхаматпен жұдырықтасты.
Жекпе-жек өте тартысты өтіп, төрешілер жеңісті 3:2 есебімен қазақстандық боксшыға берді.
Осылайша, Назым ширек финалға жолдама алды.
Азия біріншілігінде әйелдер арасында, сондай-ақ Алуа Балқыбекова (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Мәдина Нұршаева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) ел намысын қорғайды.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!