Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында күміс медаль иеленді
Depositphotos.com
Былтырғы әлем чемпионатында да Жәмила Бақбергенова финалға шыққан болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жәмила Бақбергенова күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
72 келіге дейінгі салмақтағы жарыстың финалында Бақбергенова америкалық Амит Елордан жеңіліп қалды.
Бақбергенова турнирді ширек финалда бастап, өзбекстандық Светлана Окназарованы мерзімінен бұрын жеңген болатын. Жартылай финалда Бақбергенова Александра Анхелді (Румыния) сенімді түрде жеңген еді.
Айта кетейік, былтырғы әлем чемпионатында да Жәмила Бақбергенова финалға шығып, жапониялық Масако Фуруичиден жеңіліп қалған болатын. Одан бөлек, ол екі рет Азия чемпионатында топ жарған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23