Мәнерлеп сырғанаудан Германияда өткен жарыста қазақстандық спортшы 5-орынға ие болды
olympic.kz
Қос бағдарлама нәтижесінде Бралин 140,25 ұпайы жинады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Германияның Оберстдорф қаласында мәнерлеп сырғанаудан Bavarian Open халықаралық турнирі өтіп жатыр. Ерлер арасында жекелей сайыс бойынша Қазақстан сапынан Рахат Бралин қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Қос бағдарлама нәтижесінде Бралин 140,25 ұпайы жинады. Жарыс қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш отандасымыздың турнир кетесінде бесінші орынға жайғасуына мүмкіндік берді.
Айта кетерлігі, аталған дода польшалық Владимир Самойлов топ жарды. Австрия өкілі Люк Майерхофер екінші орыннан көрінсе, Германия спортшысы Кай Ягода үшінші орынға иелік етті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06