Токио Олимпиадасында қазақстандық алғашқы спортшы жарыс жолына шықты
Владислав Яковлев. Фото: НОК Казахстана, Сали Сабиров/Владислав Семенов
Ол өз тобында үшінші орын алып, іріктеудің бірінші айналымынан өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Токио Олимпиадасында қазақстандық алғашқы спортшы жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Академиялық есу жарысына Владислав Яковлев сынға түсті. Қазақстандық спортшы өз тобында үшінші орын алып, іріктеудің бірінші айналымынан өтті. Іріктеу сайыстарының нәтижесі бойынша Яковлев 7.10.08 уақытын көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.
Есушілердің жекелей сындағы финалы 30 шілдеде өтеді.
Айта кетейік, бүгін, 23 шілдеде, Олимпиадада қазақстандық садақшылар бақ сынайды. Сайысқа Денис Ганькин, Санжар Мұсаев пен Ильфат Абдуллин қатысады. Іріктеу Нұр-Сұлтан уақытымен 10.00-де басталады.
Ал 17.00-де Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
02.10.2026 10:15
Алматы Жапонияның туристік нарығымен ынтымақтастықты кеңейтіп келеді
01.10.2026 10:55