Қазақстандықтар жеңіліп жатып, жеңісті жұлып алды
Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында (бірінші дивизион, А тобы) Қазақстан екінші матчты Венгриямен өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Александр Истомин мұз айдынына келесі құрамды шығарды: Шефер (Осокин) — Авдеенко – Бреус, Логвин – Ермак – Қайыржан; Роев – Никитин, Сапарбек –Нұрлан – Мұканов; Гавриленко – Царёв, Морожников – Цыбин – Шапоров; Базько –Жүсіпбеков, Попов – Оспанов Ляпунов.
Бірінші кезеңде есеп ашылмады. Екінші кезеңде Роман Шефердің қақпасына екі шайба енді. Ал соңғы жиырма минутта қазақстандықтар есепті теңестіріп қана қоймай, жеңіске жете алды. Даниил Цыбин – 1, Дінмұхамед Қайыржанов 2 шайбаны қақпаға енгізді. Есеп – 3:2.
Осылайша, қазақстандықтар турнирде алғаш рет жеңіске жетті. Бұған дейін олар Франциядан жеңілген болатын (2:0).
Келесі кездесу сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні, астана уақытымен сағат 01.00-де басталады. Қарсылас – Дания құрамасы.