Suleimen Promotions командасы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Instagram-дағы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.
«АҚШ-тағы өкіліміздің сөзінше, боксшымыздың денсаулығы айтарлықтай жақсарды, соның ішінде физикалық жағдайы – Айдос өздігімен аяғын басып, жүре алады. Сондай-ақ боксшымыздың ақыл-есі жақсы. Онымен қоса, Айдос дәрігерлердің сұрағын түсініп, оларға оп-оңай жауап беріп жатыр. Мамандар мәліметіне сәйкес, Айдос тез сауығып келеді.
Өкіліміздің айтуынша, таяу уақытта боксшымыз ауруханадан шығарылып, ол отанына оралуы ықтимал. Сондай-ақ АҚШ-қа Айдостың жұбайы келді. Қазір ол боксшының жанында. Әрине, ол үшін бұл үлкен қолдау», - деп мәлім етті Suleimen Promotions компаниясынан.
Еске салайық, қараша айының басында қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта салмақ санатындағы жекпе-жек WBA-дің «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін өтті. Айқастан кейін А. Ербосынұлы шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған «миына қан кету» диагнозы қойылды. Бұдан әрі ол жасанды түрде комаға жіберіліп, ота жасалды.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!