Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, 41 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) 34 жастағы британдық Джон Райдермен (32-6, 18 КО) жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөзді бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Райдермен сұхбаттасқан GiveMeSport журналисі Чарли Симс мәлімдеді. Головкин жекпе-жекті Қазақстанда өткізуді ұсынған.
«Джон Райдермен жақсы әңгіме болды. Головкинмен келіссөздер басталды, Геннадий мырза кездесуді Қазақстанда өткізуді ұсынды», - деп хабарлады Симс.
Естеріңізге сала кетейік, Райдер мен Головкин соңғы жекпе-жектерінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңілген еді.
Бұған дейін Головкин америкалық боксшы Эдгар Берлангамен (21-0, 16 КО) айқас өткізсе, оған 15 миллион доллар төленетіні туралы хабарланған болатын.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!