Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Olympic.kz
Негізгі бағдарламада Михаил Шайдаров 234,31 ұпайға ие болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық Михаил Шайдаров мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы күндері Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ұлдар арасында жеке бағдарламада өнер көрсеткен Михаил Шайдаров күміс жүлдеге ие болды. Негізгі бағдарламада ол 234,31 ұпайға ие болды.
Айта кетейік, бұл мәнерлеп сырғанау спортынан Қазақстан үшін тарихи жетістік. Себебі бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатынан ешкім медаль алмаған.
М. Шайдаровтың турнирде көрсеткен өнерінің видеосы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
28.09.2026 09:58
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қызметінен босатты
27.09.2026 09:01
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
27.09.2026 15:42