Алматыда марафон өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 28 елінен келген 5,5 мыңға жуық әуесқой спортшы қатысуда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айта кетейік, 21,1 км қашықтығындағы жеңімпаздар ақшалай жүлдені өзара сарапқа салады. Ерлер арасында және әйелдер арасында бірінші орынды иеленген жеңімпаздар 450 000 теңгеден беріледі.
Бүгін Алматыда бірқатар жолдар ішінара жабылады.
Жартылай марафон сөресі Тұңғыш Президент саябағында беріледі. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 16 сәуір күнгі сағ. 23:00-ден 17 сәуір күнгі сағ. 13:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағ. 7:20-дан 8:20-ға дейін жабық болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Шашкин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 03:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:30-дан 10:00-ге дейін толық жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:20-дан 13:00-ге дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:00-ден 11:30-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.
Марафонға қатысушылар жарыс басталатын орынға мына көшелер арқылы бара алады:
1) Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
2) Навои көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
3) Садықов көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
4) Дулати көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
5) Саин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
6) Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.
Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға жарыстың басталу орнына (Тұңғыш Президент саябағы) әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес береміз. Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөре орнына автокөлікпен жетудің оңтайлы маршрутын 2ГИС қолдануға болады.
Дегенмен жартылай марафонды ұйымдастырушылар жарыс басталатын және аяқталатын жерде сол күні тұрақ орындары жұмыс істемейтінін айтты.