Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен қазақстандық спортшы жүлделі болды

08.08.2024 14:32

Демеу Жадыраев жапондық Нао Кусакамен бақ сынады

Министерство туризма и спорта РК

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазғы ойындардың финалында отандасымыз жапондық Нао Кусакадан жеңілді.

Айта кетелік, Демеу Жадыраев жартылай финалда әзербайжан балуаны Санан Сулеймановты, ал ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовты жеңген болатын.