Чемпионат Астанада өтіп жатыр
Қазақстандық еркін күресшілер Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Санжар Досжан (70 келіге дейін) мен Болат Сақаев (79 келіге дейін) финалда жеңіске жетті.
Отандасымыз Санжар Досжан шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Зафарбек Отохановпен белдесті.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз өзбек балуанын 2:0 есебімен жеңді.
Астана төріндегі боз кілемде Болат Сақаев Өзбекстан өкілі Бекзод Абдурахмановпен белдесті.
79 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте Сақаев өзбек балуанын жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Үшінші болып 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рахат Қалжан шықты.