Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген қазақ боксшысы Уәлихан Бейсенқұлов (9-0, 9 КО) кәсіпқой бокстағы оныншы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол Мәскеудегі Korston Club-тағы бокс кеші аясында жекпе-жекке шыққан. Бейсенқұлов бұл кездесуде жергілікті бокшсы Артуш Саркисянмен (5-7, 3 КО) титул үшін жұдырықтасуы тиіс еді. Он раундтық жекпе-жектің үшінші раундында ресейлік нокаутпен жеңіске жетті. Ол әуелі қазақстандықты нокдаунға түсіріп, артынша жағынан жойқын соққы жасаған болатын.
Осылайша Артуш Саркисян IBA Asia чемпиондық белбеуін қанжығасына байлады.
Айта кетсек, 2018 жылдың ақпанында кәсіпқой боксқа келген Уәлихан Бейсенқұлов бұған дейін тоғыз кездесуде қарсыластарын нокаутмен жеңген еді.
Дереккөзі: Sputnik.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!