Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті.
Бірінші раундта екі боксшы да бір-бірін зерттеп бақты. Геннадий Головкин бірінші нөмірмен бокстасты. Ал Стив Роллс шегініп жүріп, жұдырық сермеді. Арасында жылдам қимылмен Генаны соққының астына алуға тырысты. Кейбір сериялы соққылары діттеген жеріне жетті. Головкин джебпен ұрып жүріп, төртінші раундта сол қолмен ұрған екі бірдей xукпен Роллсты нокаутқа түсірді.
Осылайша, орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин кәсіби бокстағы 39-шы кездесуін жеңіспен аяқтады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Vestikz (@vestikzgram)8 Июн 2019 в 8:15 PDT
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!