Қазақстандық спортшы әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Эльмира Сыздықова қырғызстандық қарсыласын финалда жеңді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада күрес түрлері бойынша өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) қырғызстандық Айпері Медетқызын таза ұтып, екі дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық "сары құрлық бәсекесін" ширек финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде өзбекстандық Озода Зарипбаеваны мерзімінен бұрын ұтты. Сосын жартылай финалда қытайлық Хуан Вангті ұпай санымен жеңді.

"Жоспар бойынша күрестік. Мақсатыма жеттім. Шынын айтқанда, өзіме ризамын. Үлкен үзіліс, жарақатым болды. Енді ақырындап бастадық. Бәріне рақмет! Өте қуаныштымын!", – деді ол финалдағы жеңісінен кейін берген сұхбатында.

Айта кетейік, Эльмира Сыздықова биыл ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында топ жарды. Ол осыған дейін Азия чемпионатында 6 жүлде жеңіп алған (1 алтын, 2 күміс, 3 қола).

Новости партнеров