|
28.07.2024 | 01:00
232

Мемлекет басшысы Елдос Сметовке қоңырау шалды

Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионға жаңа жеңістер тіледі

Мемлекет басшысы Елдос Сметовке қоңырау шалды Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионды телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

– Қазақтың рухын, жалпы халқымыздың мықты мінезін көрсеттің. Бәріміз сені мақтан тұтамыз. Сөзіңде тұрдың, тамаша жеңіске жеттің, нағыз жігітсің! Сен сияқты жігіттердің арқасында туымыз әрқашанда асқақтап, желбірей берсін. Жаңа жеңістерге жете бер. Саған және отбасыңа аманшылық тілеймін. Астанада кездескенше! – деді Президент.

Айта кетейік,  ел спортының тарихындағы айтулы оқиға болды. Қазақстан қоржынына алғаш рет дзюдодан Олимпиада алтыны түсті. Үшінші мәрте төртжылдықтың бас додасына қатысқан Елдос Сметов финалда Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.

Оқи отырыңыз: Елдос Сметов – Олимпиада ойындарының алтын медаль жүлдегері

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир