Головкиннің келесі қарсыласы анықталды
championat.com
Головкин соңғы жекпе-жегін 2020 жылы желтоқсанда АҚШ-та өткізген болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Отандасымыз Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан және кіммен өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
RingPolska басылымының мәліметіне сүйенсек, Головкин мексикалық Хайме Мунгиямен 7-ші мамырда АҚШ-тың Техас штатында жұдырықтасады. Қазақстандық спортшы осы кездесуде орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін қорғайды.
Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 2020 жылы желтоқсанда АҚШ-та өткізген болатын. Сол кезде поляк Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, 21-рет әлем чемпионы атағын қорғаған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31