Геннадий Головкин Деревянченкомен жекпе-жекке дайындықты аяқтады
Головкин — Деревянченко кездесуі 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жекке сақадай сай, деп хабарлайды inform.kz.
Әлеуметтік желіде Геннадий дайындық залында түсірілген видео жариялап, оған «Жұмыс аяқталды. Жекпе-жек аптасына дайынмын» деп жазды.
Еске сала кетейік, Головкин — Деревянченко кездесуі 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Былғары қолғап шеберлері орта салмақтағы IBF және IBO әлем чемпионы белдігін сарапқа салады. Қазақстанда «Qazsport» телеарнасынан тікелей көрсетілім жүргізіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52