|
18.03.2024 | 09:54
988

Алматыда №8 спорт мектебінде гольф бөлімі ашылды

Бағдарламаның басты ерекшелігінің бірі жаттығулар тегін өткізіледі

Алматыда №8 спорт мектебінде гольф бөлімі ашылды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

№8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері гольф бойынша ІІІ жасөспірімдер спорттық разрядын алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жас гольфшылар Қазақстан гольф федерациясының қолдауымен оқуын бастады. Гольф бөлімшесі 2023 жылдың қазанынан Алматы қаласындағы №8 спорт мектебінің базасында 53 балаға есігін айқара ашты. Салыстырмалы түрде оқудың басталғанына көп уақыт болмаса да, балалар керемет нәтиже көрсетті. Балалар 4 оқу тобында, оның ішінде 7-12 жас аралығындағы бастапқы даярлықта оқиды.

Бағдарламаның басты ерекшелігінің бірі - жаттығулар тегін өткізіледі. Барлық қажетті спорттық жабдық (доп таяқтар, доптар) да тегін беріледі. Тренингті тәжірибесі мол білікті жаттықтырушылар жүргізеді.

Балаларды гольф бөліміне қабылдау 2024 жылдың 18 наурызында жарияланады.

Анықтама үшін: Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген гольфтің Қазақстанда әлеуеті зор және балалар гольф мектебі отандық дарынды спортшылардың дамуы мен тәрбиесіне ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда мектептер жанынан қосалқы нысанның құрылысы жүріп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир