|
02.05.2024 | 21:28
2200

Ұлттық спорт туралы заң жобасы әзірленіп жатыр

Елімізде атбегілер, жылқы баптау ветеринарлары мен жаттықтырушылар оқитын болады

Ұлттық спорт туралы заң жобасы әзірленіп жатыр Almaty.tv

Елімізде атбегілер, жылқы баптау ветеринарлары мен жаттықтырушылар арнайы оқудан өтіп, жарыстарға ерекше қарқынмен дайындалатын болады. Мамандарды Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті оқытуға ниетті. Бұл туралы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында өткізілген басқосуда айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дүбірлі додаға дайындық барысында Ұлттық спорт қауымдастығының бастамасымен алғаш рет Ұлттық спорт жоғары мектебі құрылған. Жиынға қатысқандар елдегі 45 ипподром әлемдік ат спорты индустриясының талабына сәйкес келмейтінін ашық айтты. Сондай-ақ сала басшылары Қазақстанда ұлттық спорт туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Мәжілісте қаралатын болады.

– Ұлттық спорт саласын реттейтін заң қабылданбаған. Онсыз саланы сапалы, тиімді дамыту мүмкін емес. Осыған байланысты ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірге ұлттық спорт туралы заң жобасын әзірлеу бастамасын көтеріп отыр. Бұл – ұлттық спортты жүйелі дамытудың ең негізгі қадамы, – деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов.

Оқи отырыңыз: Су басуы мүмкін: Аса өзенінің арнасын кім бұзды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир