Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бірнеше айдан соң жаңа қарсыласы украиналық спортшы Сергей Деревянченкомен жекпе жек өткізбек. Аталмыш жекпе жекте IBF-дің чемпиондық титулының иегері анықталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ESPN арнасы алдын ала ақпараттарға сәйкес қос спортшының кездесуі 5-қазанда өтеді деп хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін бұл чемпиондық атақты мексикалық Сауль Альварес иемденген еді. Алайда, халықаралық федерация оны жақында ғана белбеуінен айырды. Канелоның чемпиондықтан айырылу себебі украиналық Деревянченкомен жекпе жектен бас тартуы болған.
Сондықтан, IBF украиналық спортшы мен қазақстандық спортшыны кездесу өткізуге міндеттеді. Келіссөздер жүргізу үшін оларға 30 күн берілді.
Boxingscene.com журналисі Кит Идек кездесу орны Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" кешені болуы мүмкін деп топшылады. Головкин ол спорт кешенінде соңғы рет Стивом Роллсты жеңген еді.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!