17 қыркүйек күні Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді
Димаш Құдайберген Лас-Вегаста GGG - Canelo 3 жекпе-жек алдында Қазақстанның әнұранын орындайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Dimash.news Instagram парақшасына сілтеме жасап.
«Еліміздің бір туар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG - Canelo 3 жекпе-жек алдында, Димаш Құдайберген Мемлекеттік әнұранымызды орындап батырымызға қолдау көрсету жоспарлануда», - деп жазылған парақшада.
Айта кетсек, 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді.