Қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің үшінші жекпе-жегімен аяқталатын кәсіпқой бокс кеші 18 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05.00-де басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Qazsport телеарнасы жекпе-жектің көрсетілімін жоспарлап отыр және Головкин мен Канело рингке шығатын болжамды уақыт "Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-ден кейін" деп көрсетілген.
Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтеді.
Еске салсақ, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек супер орта салмақ дәрежесінде өтеді. Геннадий үшін бұл 168 фунттағы салмақ бойынша алғашқы жекпе-жек болмақ.
Оның "Канеломен" алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталға және төрешілердің бұл қорытындысы үлкен дау тудырды. Ал 2018 жылы төрешілер басым дауыспен жеңісті Альвареске берді.
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) үшінші жекпе-жек үшін жеңімпазға арналған жаңа белбеуді ресми түрде таныстырды. "Сапотек" шеберлері дайындаған бұл белбеуге "ягуар-жауынгердің белбеуі" деген атау берілді. Себебі оның орталық элементінің екі жағында ягуар тырнақтары бейнеленген.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!