Әлеуметтік желіде боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жектен кейін жапондық қарсыласы Риота Муратаға жапқан шапанының жаңа суреттері пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген шапан Жапониядағы Риота Муратаның әуесқой және кәсіпқой бокстегі жетістіктеріне арналған экспозициялар залына қойылған. Ол Муратаның 2012 жылғы Олимпиадада алған алтын медалі мен боксшы WBA нұсқасы бойынша иелік еткен белбеудің жанына орналастырылыпты.
Еске салсақ, 9 сәуір күні Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9 раундта нокаутқа жіберген еді. Головкин бұл жеңісінің арқасында WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанды.
Жекпе-жектен кейін GGG жапондық қарсыласы Риота Муратаға шапанын тарту етті, ол бұрын ешбір қарсыласына мұндай құрмет көрсетпеген. Чемпион бұған дейін әр жекпе-жекке осы шапанын киіп шығатын еді.
«Мурата жүзі жылы, жымиып жүреді. Оған деген жақындықты сезіндім және мен оны қатты құрметтеймін. Мен оны керемет чемпион деп есептеймін. Шапан – қазақтың ұлттық киімі. Оны ең құрметті адамға жабатын дәстүр бар. Сол себепті, оны Муратаға жаптым», - деген болатын Геннадий Головкин.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!