Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов АҚШ-та өтіп жатқан Хьюстон ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық жұп бастапқы кездесуін франциялық Жонатан Эйссерик – нидерландылық Давид Пелмен өткізді.
Бір сағат 47 минутқа созылған тартысты матчта А.Недовесов пен А.Голубев 2:6, 7:6 (7:5), 10:4 есебімен жеңіске жетті.
Олар ойын барысында 4 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Қазақстандықтар жартылай финалға шығу үшін жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген швециялық Андре Горанссон – жапониялық Бен Маклахланмен таласады.
Жалпы жүлде қоры 642 735 АҚШ долларына бағаланған Хьюстон додасы 9 сәуірде мәресіне жетеді.