|
03.09.2023 | 10:09
538

Криштиану Роналду спорт жолындағы 850-голын соқты

Сөйтіп ол өзінің рекордын жаңартты

Криштиану Роналду спорт жолындағы 850-голын соқты sports.kz

Португалия мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рекордын орнатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Сауд Арабиясы чемпионатының 5-турында «Аль-Наср» сырт алаңда «Аль-Хазм» клубын 5:1 есебімен ойсырата ұтты.

Осы кездесуде Роналду қарсылас команда қақпасының кілтін тауып, екі нәтижелі пас берді. Бұл оның спорттық жолындағы 850-голы еді. Сөйтіп ол өзінің рекордын жаңартты.

Роналду «Аль-Наср» клубына биылғы қаңтарда ауысқан еді. Жаңа маусымда ол төрт ойынға қатысып, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас беріп үлгерді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың ұлттық чемпионатта гол соғу жөнінне әлемдік рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

қақпа
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир