Түркияда құлаған метеорит әлеуметтік желіні дүрліктірді
sabah.com.tr
Қазір бұл нысанның нақты қай жерге құлағанын анықтау үшін жұмыс басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әлеуметтік желіде жарияланған құлаған метеорит суреттері Түркияда үлкен резонанс туғызды. Елді дүрліктірген оқиға 2 қыркүйек күні кешкі сағат 20:40 шамасында болған. Қараңғы аспан алдымен көк, содан кейін жасыл, сосын қызыл түске боялды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл құбылыс Түркияның көптеген провинцияларында көзге түсті. Диярбакыр, Малатия, Эрзурум, Элазығ, Газиантеп, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Анадолы аймағынан жеткен фото-видеолардан атмосферада жанып кеткен сәулелі нысан анық көрініп тұр.
TRT Haber агенттігінің хабарлауынша, метеорит құлаған сәт Диярбакырмен қатар Шанлыурфада да таспаға түсіп қалған.
Қазір бұл нысанның нақты қай жерге құлағанын анықтау үшін жұмыс басталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37