Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Гонсало Корияны нокаутпен жеңді
instagram Жанибека Алимханулы
Қазақстандаық боксшы WBO Global және WBC ContinentalAmericas титулдарын қорғап қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жекпе-жек он раундқа есептелгенімен, кездесу екінші кезеңде бітті.
Жәнібектің дәл тиген ауыр соққысынан кейін Г.Кория орнынан тұра алмай қалды. Мұның алдында аргентиналық боксшы бірінші раундта нокдаунға түскен еді.
Осылайша 27 жастағы Ж.Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global және WBC ContinentalAmericas титулдарын қорғап қалды.
Ал 23 жастағы Г.Кория бұған дейін 16 жекпе-жек өткізіп, соның үшеуінде ұтылып қалған болатын. Бұл – оның төртінші жеңілісі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31