Геннадий Головкин Канеломен үшінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты

18.09.2022 15:39

Титулдар Канелода қалатын болды

кадр видео

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегінде мексикалық боксшы жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, тең есеппен аяқталды. Бір жылдан кейін, 2018 жылдың қыркүйегінде реваншта төрешілер жеңісті Канелоға берген болатын.

Үшінші жекпе-жекте супер орта салмақтағы негізгі әлемдік титулдардың барлығы сарапқа салынған болатын. Титулдар Канелода қалатын болды.