Түркістан қаласында 15 мамыр күні «Түркістан-Арена» стадионында XI-ші жазғы Универсиаданың ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
«ХІ жазғы Универсиада – спорттың 30 түрінен еліміздің әр түкпірінен мықтыларды біріктірген ауқымды спорттық-бұқаралық жоба. Универсиада аясындағы жарыстар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскемен қалаларында өтіп жатыр. Қазіргі таңда 20 университеттің студенттері өзара сайысқа түсуде. Айта кететін жайт, Түркістан қаласындағы XI-ші жазғы Универсиаданың ресми ашылу салтанатында еліміздің 20 жоғары оқу орындарынан құралған арнайы шеру, сахналық көріністер, флешмоб өтетін болады. Аталған спорттық шара «Turkistan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілмек», – деді Жанар Амангелдіқызы.
ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Тастанбек Есентаев пен Халықаралық дәрежедегі төреші, профессор Әбдісадық Халилаев жарысқа қатысып жатқан командалардың дайындығы өте жоғары екендігін атап өтті.
Универсиада ойындары кезінде барлық карантин талаптары сақталады. Спортшылар ПЦР тест арқылы қабылданып жарыстарға жіберілуде. Биылғы жеңімпаздар 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға Қазақстан құрама командасы сапында ел намысын қорғайтын болады.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!