Қазақстандық боксшы карьерасын аяқтайтыны туралы күтпеген мәлімдеме жасады

inform.kz
inform.kz
Оның айтуынша, карьерасын аяқтағаннан кейін ол жаттықтырушы болып жұмыс істеуді және жинаған тәжірибесін қазақстандық жас буынға үйретуді жоспарлап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық боксшы Жалғас Жұмағұлов карьерасын аяқтайтыны туралы күтпеген мәлімдеме жасады және себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық ММА балуаны, аса жеңіл салмақтағы (56 кг) Fight Nights Global чемпионы Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшарт жасай алмаса спорттық карьерасын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Нүкте қойдым, барлығын дәлелдедім, үздіктермен жекпе-жекке шықтым, оларды жеңдім. Сондықтан ары қарай қозғалу керек. Мені енді Fight Nights Global-да көрмейтін шығарсыздар. UFC қол қоймаса, мен, мүмкін, карьерамды аяқтаймын. Сондай жоспарым бар", - деді Жалғас Жұмағұлов.

Оның айтуынша, карьерасын аяқтағаннан кейін ол жаттықтырушы болып жұмыс істеуді және жинаған тәжірибесін қазақстандық жас буынға үйретуді жоспарлап отыр.

"Айналысатын ісім бар, жастарды жаттықтырып, ынталандырамын. Өз залымды салып, қаражат табамын, оған ағаларым көмектеседі деп ойлаймын. Жастар тәрбиелі болғанын қалаймын", - деді Жалғас Жұмағұлов.

Новости партнеров