Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
instagram/shavkatrakhmonov94
Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
UFC президенті Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын анықтады. 16 қыркүйекте Шавкат америкалық Келвин Гастелуммен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC турнирінің бірлескен басты оқиғасы болады.
Бұған дейін Гастелум жартылай орта салмаққа оралатынын мәлімдеген еді, промоушн басшылығы оның шешімімен келіскен болатын.
2019 жылғы сәуірде америкалық UFC орта салмақтағы уақытша титулы үшін Исраэль Адесаньямен жекпе-жек өткізді. Бірақ төрешілердің шешімімен жаңазеландиялық жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде алтыншы орында тұр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
26.09.2026 14:00
Ақылы жолда ақшаны қалай үнемдеуге болады
25.09.2026 14:37