Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Е тобында Испания мен Германия құрамалары жасыл алаңға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бірінші турда испаниялықтар Коста-Риканы 7:0 есебімен тас- талқан етсе, германиялықтар күтпеген жерден Жапонияға есе жіберді – 1:2.
Екінші турда Жапония Коста-Риканы жеңсе, жолдамаға күні бұрын ие болатын еді. Алайда олар қарсыласынан 0:1 есебімен ұтылып, жағдайын қиындатып алды.
Германия құрамасы осыған дейін төрт дүркін әлем чемпионы атанса, Испания 2010 жылғы біріншілікте үздік шыққан еді.
Қос команданың жолдары 25 рет тоқайласып, 9-ында Германия, 8-інде Испания жеңген. 8 мәрте тең түскен екен. Бірақ осы ғасырда германиялықтар ресми кездесулерде Испанияны жеңіп көрмеген.
Бұл жолы бірінші таймда есеп ашылмады. 7-минутта Дани Ольмоның соққысын Германия қақпашысы Мануэль Нойер қайтарып, доп қақпа маңдайшасына тиіп, асып кетті.
Екінші кезеңде Испания бапкері Луис Энрике 54-минутта Фернан Торрестің орнына Альваро Моратаны шығарды. Бұл ауыстыру өз жемісін берді. 62-минутта сол қанаттан Жорди Альбадан пас алған Альваро Мората есеп ашты – 1:0. 73-минутта испаниялық қақпашы Унай Симон Джамал Мусиаланың гол соғуына мүмкіндік бермеді. Дегенмен 83-минутта екінші таймда алаңға шыққан Никлас Фюллькруг Мусиаланың пасынан соң таразы басын теңестірді – 1:1. Екінші таймда командасының ойынына жан кіргізген Лерой Сане соңғы сәтте өз мүмкіндігін пайдалана алмады.
Осылайша, Испания мен Германия тең тарқасты – 1:1. Испанияда төрт, Жапония мен Коста-Рикада үш ұпайдан бар. Бір ғана ұпайы бар Германия да плей-офф жолдамасынан үміт үзген жоқ.
Барлық мәселе 1 желтоқсан күнгі Жапония – Испания, Коста-Рика – Германия кездесулерінде шешіледі.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!