Жәнібек Әлімханұлы құрметті боксшылар тізіміне енді
elements.envato.com
Ол — WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бокс туралы жаңалық тарататын CFSportsClub Х (Twitter) аккаунты жаңа жылда назар аударатын боксшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
CFSportsClub нұсқасы бойынша, 2024 жылы спорттағы жолын қадағалап, үміт артуға болатын үздік 5 боксшы: қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) және АҚШ-тың төрт өкілі: Дэвид Бенавидес (28-0, 24 КО), Джерон Эннис (31-0, 28 КО), Флойд Скофилд (16-0, 12 КО) және Брюс Кэррингтон (10-0, 6 КО).
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы — WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.
Қазақстандық боксшы бұған дейін 2024 жылы 160 фунт дивизионында абсолютті әлем чемпионы болуды жоспарлап отырғанын бірнеше рет айтқан болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
21.11.2026 15:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.11.2026 09:12
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
21.11.2026 16:54
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
22.11.2026 10:54