|
24.07.2021 | 10:06
7528

Токио 2020: Елдос Сметов алғашқы қарсыласынан басым түсті

Ол түркиялық қарсыласы Михрач Аккушты айқын басымдықпен жеңді

Токио 2020: Елдос Сметов алғашқы қарсыласынан басым түсті  inform.kz

Токиодағы Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта бақ сынап жатқан дзюдошы Елдос Сметов алғашқы айналымда түркиялық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2010 жылғы жастар арасындағы, 2015 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионаты мен біріншілігінің жеңімпазы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Токиодағы алғашқы белдесуін сәтті аяқтады. Ол түркиялық қарсыласы Михрач Аккушты айқын басымдықпен жеңді.

Енді Елдос ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинмен кездеседі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир