Бұл туралы журналист Джефф Аранау жазды.
Журналист Джефф Аранау Boxingnews24.com сайтындағы мақаласында қазақстандық Геннадий Головкиннің алдағы ықтимал жоспары жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Головкин DAZN-мен келісімшартқа отырмаса, онда Канеломен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру мәселесін қиындата түседі, өз кезегінде мексикалық бұл компаниямен бас-аяғы 365 мың долларға 11 жекпе-жек ұйымдастыру бойынша бес жылға келісімшарт жасасқан. GGG-дің басқа да жолы бар. Ол Premier Boxing Champions компаниясымен келісімге келсе, оның кездесулері Showtime PPV-де көрсетіледі. Ол Джермалл Чарло немесе Каллум Смит сияқты боксшылармен кездесіп, жақсы ақша таба алады», - дейді автор.
Головкиннің 2012 жылдан бері жекпе-жектері көрсетіліп келе жатқан HBO бокстан бас тартқан еді. Қазақстандықтың бұл арна аясындағы соңғы кездесуі мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өткен болатын.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!