Алматы жастары айды аспанға шығарды: Канадада хоккейден өткен жарыста жерлестеріміз жеңіске жетті

21.02.2023 15:32

Жарысқа әлемнің 37 елінен сайыпқыран командалар келіп, бақ сынады

дереккөзден

Мұхиттың арғы жағынан жағымды жаңалық. Бұл жолы Канадада хоккейден жасөспірімдер арасындағы өткен жарыста жерлестеріміз көк туды желбіретті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.

Мұз айдына тас түйін болып шыққан жастар қарсыластарына мүмкіндік бермеді. Айта кету керек, Квебек халықаралық Quebec International Pee-Wee (Пи-Ви) хоккей турнирі - әлемдегі ең үлкен қосалқы хоккей турнирі болып есептеледі. Бұл спорттық шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 11-12 жас аралығындағы балалар қатысады. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шараның 63 жылдық тарихы бар.

Хоккейдің атасы деп танылған Канадаға әлемнің 37 елінен сайыпқыран командалар келіп, бақ сынады. Шараға алғаш рет қатысқан біздің елдің командасы сен тұр мен атайын деген дүлдүл командалардың мысын қайырып, жеңіс тұғырынан көрінді. Финалда Канаданың Haute-Beauce Lynx командасымен мұз айдынына шығып, қарсыластарының қақпасына 4 рет шайба салды. Нәтижесінде 4:2 есебімен «Қазақстан» командасы жеңіске жетіп, әнұранымызды орындатты. Жеңіске жеткен жастарымыздың мерейі әрдайым биікте болғай!

Теги: жеңімпаз