Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік ондыққа кірді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 16-дан бірден 9-орынға көтерілді. Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды.
Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.
Әлемдік рейтингіде алғашқы он команда былайша орналасты:
1. Аустралия – 1002,71 ұпай;
2. Франция – 885,6;
3. Испания – 884,62;
4. Чехия – 842,92;
5. Швейцария – 881,81;
6. Канада – 780,09;
7. АҚШ – 758,09;
8. Словакия – 744,23;
9. Қазақстан – 704,75;
10. Германия – 702,52.