Команда Азияның клубтық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғау құқығына ие болды
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Буревестник» волейбол командасын Қазақстан чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Волейболдан плей-офф кезеңінде 29 ел біріншілігін жеңіп, екі дүркін чемпион атанған «Буревестник» командасы мен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймын. Команда Азияның клубтық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғау құқығына ие болды. Біз мақтанамыз және жаңа жеңістер күтеміз!» – деп жазады әкім.
Поздравляю тренерский состав и команду «Буревестник», победивших в плей-офф 29 первенства страны по волейболу и ставших двукратными чемпионами. Команда получила право представлять Казахстан на клубном чемпионате Азии. Гордимся и ждем новых побед!
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) April 10, 2021