Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) алғаш рет 2018 жылдың қыркүйегінде кездескен еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Боксшылар үшінші жекпе-жекке арналған баспасөз туры аясында Лос-Анджелесте өткен баспасөз конференциясына қатысып, көз арбасты. Оның видеосы Twitter-дегі DAZN парақшасына жүктелді.
Боксшылар бір минуттан астам бір-біріне жалтармай қарап тұрды.
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Біріншісі кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!