Қазақстандық Сұңғат Жұбатқан Душанбеде дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық дзюдошы 66 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Сұңғат Жұбатқан алдымен Израиль дзюдошысын, екінші айналымда жарыс қожайыны Нұрали Эмомалиді жолдан тайдырды. Дегенмен ширек финалда ресейлік Мурад Шопановқа есе жіберді.
Одан кейін жұбаныш белдесінде ұлыбританиялық дзюдошыны жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Мұнда ол испаниялық Адриан Нето Чинарродан басым түсті.
Бұл – ұлттық құраманың осы турнирдегі алғашқы медалі.
Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина WTA рейтингінде жоғарылады
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!