Қытай 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына билет сатудан бас тартты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Ұйымдастырушылар мұндай шешім елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты қабылданғанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті билеттерді ашық сатылымға шығармау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар мұндай шешім елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты қабылданғанын айтты. Билеттерді ашық сатылымға шығаруға рұқсат жоқ, бірақ билеттер белгілі бір көрермен топтарына тікелей таратылады.

"Ойынды тамашалауға арналған орындарды тек вирусқа қарсы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайтындар ғана ала алады. Олардың арасында билет квотасы бөлінеді", – делінген Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесінде.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына шетелдік көрермендер жіберілмейтінін мәлімдеген.

Новости партнеров