Анастасия Городко фристайл-могулдан Еуропа Кубогінде кезекті алтынын алды

16.02.2020 15:46

Бірінші жарыс күнінде өткен жекелей сында Анастасия Городко жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген болатын

news.myseldon.com

Финляндияда фристайл-могулдан Еуропа кубогі кезеңі аяқталды. Қарт құрлық додасында Қазақстан командасының өкілі Анастасия Городко тағы да топ жарды деп хабарлайды Olympic.kz.

Анастасия параллельді могулдан алтын жүлдегер атанды. Неміс спортшысы Ханна Вессе екінші, франциялық Фантин Дегрут үшінші орында. Айта кетелік, бірінші жарыс күнінде өткен жекелей сында Анастасия Городко жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген болатын.