Камил Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионы атанды
Фото: kazakhstan__wrestling инстаграм парақшасынан
Қазақстандық палуан финалда Муса Ашрункаевпен белдесіп, қарсыласын 11:0 есебімен тізе бүктірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан құрамасы еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтынды қанжығасына байлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл жолы алтынды Камил Куруглиев алып берді. Қазақстандық палуан финалда Муса Ашрункаевпен белдесіп, қарсыласын 11:0 есебімен тізе бүктірді.
Ол жартылай финалда 92 келі салмақта АҚШ елінің өкілі Максвелл Райан Макенеллиді жеңген болатын. Палуан қарсыласынан 12:2 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ, кеше ел құрамасынан Дарын Әскербек еліміздің намысын қорғап, алғашқы алтынды алып берген болатын. Ол финалда америкалық Джексен Патрик Форрестпен кездесіп, жеңімпаз атанды.
Әлем чемпионаты Италия астанасы Рим қаласында өтіп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10