Қуат Хамитов ММА турнирінде жеңіліп қалды

18.12.2021 в 15:46

Хамитов жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов отандасы Нұрберген Шәріповке қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың кездесуі Mergen Fightning Championship турнирі аясында грэпплинг ережесі бойынша өтті.

Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Хамитов жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Осылайша, жеңіс Шәріповке берілді.  

Айта кетейік, турнир Атырауда өтті.