|
01.05.2023 | 10:47
12797

Қазақстандық боксшы WBC International чемпионы атанды

Ангелина Лукастың бұл жеңісі кәсіпқой рингтегі мансабында төртінші жеңісі болды

Қазақстандық боксшы WBC International чемпионы атанды Из открытых источников

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (3-0, 2 КО) Түркия астанасы Стамбулда өткен бокс кешінде рингке шығып, титулдық жекпе-жекте мексикалық Ана Аррасоланы (28-16-3, 14 КО) жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жеңіл салмақтағы WBC International титулына арналған жекпе-жек болды.

10 раундтың соңында сәттілік Ангелина Лукас жағында болды, жеңіс төрешілердің шешімімен оған бұйырды.

Қазақстандық боксшының бұл жеңісі кәсіпқой рингтегі мансабындағы төртінші жеңісі болды. Сәттілігі мен екінші титулынан кейін Ангелина қуанышын жасырмай, Стамбул рингіндегі кездесуіне қатысты пікір білдірді.

Ангелина Лукас бір жарым жылдан бері профессионал ретінде өнер көрсетіп жүр. Осы WBC International титулды жекпе-жегіне дейін қазақстандық әйел UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуіне ие болған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир