Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жарақат алып қалды
Фото: ашық дереккөзден
Енді қазақстандықтың рингке оралуы көктемнің соңында немесе жаздың басында болады деп күтілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешіне қатыспайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Спортшының командасы мәлімдегендей, Жәнібек жаттығу кезінде жарақат алып, жарыстан шықты. Енді қазақстандықтың рингке оралуы көктемнің соңында немесе жаздың басында болады деп күтілуде. Жәнібек Әлімханұлының ақпан айындағы жекпе-жегі бойынша қарсыласы әзірге белгісіз.
Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлы Америкада жаттығып жатқан болатын. Ол орта салмақтағы WBO Global чемпионы. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізген. Ол кезде аргентиналық боксшы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
14.09.2026 17:05
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
13.09.2026 16:35
Жас көрінудің қарапайым құпиялары қандай
13.09.2026 14:15