Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

27.09.2023 15:49

Стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші орын алды

видеодан алынған кадр

Азиададағы алғашқы алтын медаль. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан додада стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Топтық сайыста бақ сынаған Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина ақтық сында чемпион атанып қана қоймай, 350 ұпаймен Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Айта кетейік, қазір ел қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 7 қола медаль бар.    

– Қыздарымыз скит бойынша жоспарланған алтынды алды. Қытай құрамасымен болған тартысты додада жеңіп шықты. Қыздар өте жоғары нәтиже көрсетіп, алғашқы алтынын қанжығаға байлады. Барлығыңызды құттықтаймын, – деді Қазақстан спорттық ату федерациясының бас хатшысы Олег Почивалов.

Оқи отырыңыз: 27 қыркүйекке арналған валюта бағамы