Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов өзіне қатысты сот отырысы өтіп жатқаны туралы хабарламадан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда 18 қаңтарда Қуат Хамитовке қатысты «коронавирустың адамдарға қасақана жұқтырылуын тоқтату үшін тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырды» деген айыппен сот отырысы өтіп жатқаны белгілі болған. Егер айып расталса, ол үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Егер күресуге тұрарлық дүние болса, майданда да жалғыз жауынгер», – деп жазды Хамитов Instagram желісінде.
Сот отырысының қорытындысы әзірге жарияланбады.
Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын.