|
15.09.2024 | 11:16
252

Елдос Сметовке тағы бір қымбат сыйлық тарту етілді

Сондай-ақ Назым Қызайбай мен ағайынды Оралбайға да автокөлік сыйға берілді

Елдос Сметовке тағы бір қымбат сыйлық тарту етілді Фото: t.me/kozachkow

Париж олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметовке қазақстандық кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов Mercedes-Benz GLE көлігін сыйға тартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы олимпиада чемпионы Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, жазылушыларымен қуанышын бөлісті.

Сондай-ақ Париж олимпиадасының күміс жүлдегер Нұрбек Оралбайға (Toyota Pradо), бокстан қола жүлдегер Назым Қызайбайға (Mini Cooper), Олимпиадаға қатысқан боксшы Айбек Оралбайға  (Toyota Pradо) да бағалы темір тұлпарлар сыйға тартылды.

Айта кетсек, Париж олимпиадасынан кейін елге оралған спортшылар ерекше құрметке ие болды. Әсіресе Елдос Сметовке мемлекет тарапынан ғана емес, демеушілер тарапынан да түрлі қымбат сыйлықтар (ақшалай сыйақы, бірнеше пәтер, автокөлік, үйір-үйір жылқы) табыс етілді.

Оқи отырыңыз: Ақмарал Науатбек Паралимпиада алтыны үшін қанша ақша алады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир